Bugin
Фото: newstyle-mag.com
Қырғызстанда TikTok әлеуметтік желісінің жұмысына тыйым салу барысында қиындықтар туындады, деп жазады Bugin.kz порталы.
"TikTok-қа тыйым салу шешімі әлі күшінде. Бұл іспен Цифрлық даму министрлігі айналысуы қажет еді. Алайда техникалық жағынан қиындықтар бар. Әзірге жұмыс аяқталған жоқ", – деп келтіреді Қырғызстан Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Бектур Ибрагимовтың сөзін "Азаттык".
Министр әлеуметтік желінің басшылығымен келіссөз жүргізіп жатқанын, алайда олар талапты орындамай отырғанын айтты.
30 тамызда министрлік Қырғызстан аумағында TikTok желісіне тыйым салатынын хабарлаған болатын. Бұған желідегі контенттің өсіп келе жатқан ұрпақтың эмоционалды жағдайына кері әсерін тигізетінін алға тартқан.